CaspianLife, 19 наурыз — Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов дауыс берді, деп хабарлайды CaspianLife.
Нұрғиса Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы ғимаратындағы №8 сайлау учаскесіне келген ол тұрғындарды саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.
«Мәжіліс пен мәслихат сайлауының депутаттары бойынша еліміздің тұрғындары келіп, дауыстарын беріп, таңдауларын жасауда. Сондықтан мен ойлаймын реформаның нәтижесін бүгін біз көріп отырмыз. Өз басым таңдауымды жасадым. Баршаңызды таңдау жасауға шақырамын» — деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.
Аймақта 269 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беруге құқылы сайлаушылардың саны 412 мыңнан астам. Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттың депутаттығына кандидат саны – 442. Оның ішінде мәжіліске 11, облыстық мәслихатқа партиялық тізім бойынша 60 , ал бірмандаттық сайлау округтері бойынша 39 кандидат тіркеліпті.