CaspianLife, 10 наурыз — Құрманғазыда 18 дана киік мүйізін заңсыз сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife.
1 наурыз күні Құрманғазы ауданында 18 дана киік мүйіздерін, 16 калибрлі «ИЖ» мылтығын және 7 дана оқ дәрілерін сақтаған 25 жастағы аудан тұрғыны анықталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.