CaspianLife, 9 наурыз -Алқабилер Сағыз ауылының 21 тұрғынына қатысты үкім шығарды, деп хабаралйды CaspianLife.
Оларға қылмыстық кодекстің адам өлтіру, өлтіруге оқталу, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, қылмысты хабарламады деген айыптар тағылған еді. Істі алты ай бойы қараған алқабилер күдіктілердің үшеуін 16,11,5 жылға бас бостандықтарынан айырды. 11 адамның қылмыстық іске қатысы жоқтығы дәлелденіп, ақталып шықты. Алтауының жаза мерзімі қысқартылды. 1-уі кінәлі болса да, рақымшылық туралы заңға ілігіп, жазадан босатылды.
Естеріңізге салайық, жастар арасындағы төбелес екі жыл бұрын қазан айында Сағыз ауылының сыртында, Атырау-Ақтөбе трассасының бойында болды. Арты атысқа ұласқан жанжал кезінде 36 жастағы бір адам қаза тапты. Алты адамға бытыра тиіп, түрлі жарақат алған. Төбелеске бір ауылдың ішінде тұрса да, бірнеше бөлікке бөлініп жүретін жігіттердің сөзге келіп қалуы себеп болған көрінеді.