CaspianLife, 27 қаңтар — Биыл әлемдік өндіріс бәсеңдеп, 1,9% шамасында болады. Ал 2024 жылы аталған көрсеткіш 2,7% өсуі мүмкін. Өйткені келер жылы экономикасы алып елдер ес жинай бастайды деп күтілуде. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әлемдегі экономикалық жағдай және оның келешегі» атты есепте айтылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Құлдырауға инфляцияның жоғары болуы, монетарлық саясаттың қатаң жүргізілуі және белгісіздіктің күшеюі кері әсер етуде. Сарапшылар биыл Қытайдағы өндіріс жағдайының біржама жақсарып, 4,8% артатынын алға тартады.