CaspianLife, 19 қаңтар — Атыраулық тұрғын полицейлерге тортпен пара бермекші болған, деп хабарлайды Caspian Life.
Оқиға 2022 жылдың 30 желтоқсанында болған. Полиция инспекторлары көлікті тоқтатқан кезде жүргізушінің сақтандыру полюсі жоқ екендігін анықтаған. 30 мың теңге айыппұл төлегісі келмеген тұрғын тәртіп сақшыларына басқалай «сый» беруді ұсыныпты.
«Сол күні тәртіптік кеңес өткізіліп, екі қызметкер де жұмыстарынан босатылды», — дейді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.