CaspianLife, 10 қаңтар — Жерлесіміз Саламат Сәтеков Қарағанды облысында өткен ультрамарафоннан жеңіспен оралды. Ол 18-45 жас санатындағы ерлер арасында сынға түсіп, 1 орынды иеленді, деп хабарлайды CaspianLife.
Спорттық іс-шара барысында қатысушыларға 6 және 12 сағат бойы жүгіруге болатындығы ескертілді. Яғни спортшылардың 6 және 12 сағат ішінде мүмкіндігінше көп қашықтыққа жүгіруі талап етілді. Ал Саламат Сәтеков 12 сағатта 120 шақырым жүгірген,
«1 кругы 200 метрден 3 сағат жүгіресің, 3 сағат кері. Сол жағы қиын болды. Мен үйреніп қалғанмын, тамақсыз жүгіруге. Танертен аш қарынға жүгіремін. Дым су, тамақ ішпеймін. Сөйтіп бастадым. Бастағанда 6 сағат дым ішпей жүгіріп шықтым. 6 сағаттан кейін қарным аша бастады. Тоқтап су ішкеннен кейін. 2 сағаттай жүгіре алмай демалдым. 2 сағаттан кейін қайтып жүгіре бастадым. Бірінші 6 сағатта 72 км жүгірдім. Екіншісі 4 сағатта 48 км жүгірдім. Общий 120 км толтырдым. Өте қиын болды» — дейді жеңімпаз Саламат Сәтеков.
Саламат Сәтеков мұндай марафонға алғаш рет қатысыпты. Ол алдағы уақытта 24 сағаттық ультрамарафонға қатысуды жоспарлап отыр.