CaspianLife, 5 қаңтар — Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, екі әуесқой балықшы суға түсіп кетті. Оқиға бүгін түскі он бірлер шамасында Жұмыскер-Балықшы автомобиль көпірінің тұсында болды, деп хабарлайды Caspian Life.
Спиртті ішімдік ішкен екеу жағадағы тыйым белгісіне қарамастан, балық ауламаққа мұз үстіне шығады. Куәгерлер бірден полиция мен құтқарушыларға хабар беріпті. Оқиға орнына жедел жеткен олар 48 жастағы азаматты құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ал, 47 жастағы тұрғын әлі де іздестірілуде. Құтқарушылар күннің жылып кетуіне байланысты өзен бетіндегі мұз қалыңдығының жұқарғандығын айтып, тұрғындардың сақ болуы керектігін тағы да ескертеді.
«Күн райының жылуына байланысты мұздың қалыңдығы 26 сантиметрден 17-смге дейін жұқарды. Мұндай кезде мұз үстінде жүру қауіпті. Сақ болыңыздар. Мұз үстіне шыққан кезде қауіпсіздік жилеті болғаны жөн. Өзіңіз жақсы білмейтін жерлерге бармауларыңыз және бір жерде 5 адамнан артық жиналмауларыңыз сұралады», — дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары
Былтыр қыста Атырау облысында 3 адам суға кеткен. Қайғылы оқиғаның біреуі Атырау қаласында, Жылыой және Құрманғазы аудандарында болған.