CaspianLife, 20 желтоқсан — «Тәуелсіздік – аманаты бабамның». Мерекеге орай құрылғанына енді бір ай толған «Жайдарман» әжелер ансамблі «Береке» ауылындағы мәдениет үйінде концерт қойды, деп хабарлайды Caspian Life.
Олар «Сусамыр», «Сәулем ай», «Жайдарман» секілді халық әндерін бірінен соң бірін орындап, жиналғандардың көңілін сергітіп-ақ тастады. Мерекелік іс-шараға ауыл өнерпаздары да ат салысты.
«Мен өзім бұрын мәдениет үйінде жұмыс істедім. Мұндай шаралардың жас ұрпақтың тәрбиесінде өз орны бар. Жастарды осылай өнерге баулу қажет», — дейді «Жайдарман» әжелер ансамблінің мүшесі Қарашаш Зейноллақызы.