CaspianLife, 1 желтоқсан — Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар концерт берді, деп хабарлайды Caspian Life.
1 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Мәдениет саласының қызметкерлері мен мүмкіндіктері шектеулі жандардың арасында «Біз бақытты жандармыз» қалалық фестивалі өтті.
Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен байқауға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысып, өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Шарада бойында рух, өмір мен өнерге деген құштарлық, таланты мен қайсарлығы алға жетелеген, әлемнің жылуын жүрегіммен сезе білген ерекше жандар кәсіби маман иелерімен бірге сахнада өнер көрсетті. Олар еркін және ретро стильдегі екі әннен шырқап, көрермендерді тәнті етті.
«Фестиваль мәдениет саласының қызметкерлері мен мүмкіндіктері шектеулі жандардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, аталған санаттағы жандардың шығармашылық қабілетін, әлеуметтік белсенділігін дамыту, өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды», — делінген қала әкімдігінің әлеуметтік желісінде.
Фестивальге 7 жұп қатысып, оларға қазылар алқасы сахна мәдениетіне, орындау шеберлігіне, сахналық костюмдеріне баға берді.
Шара қорытындысы бойынша, Мерей Қабдолов пен Наурызбек Сатпанов «Ақжайық үні» номинациясы бойынша, Дүзелбайқызы Ардақ пен Дәріс Ырысханым «Ерекше дауыс» номинациясы бойынша, Аружан Қуатова мен Талғат Хами «Дархан дала дауысы» номинациясы бойынша, Нығметова Әйгерім мен Идаятов Данияр «Қоңыр үн» номинациясы бойынша, Қаршигиева Салтанат пен Шамбузов Рустам «Шалқыма дауыс» номинациясы бойынша, Қанатбаева Диана мен Шамбузов Рафаэль «Жас әнші» номинациясы бойынша, Жұмабаева Гүлмира мен Зейнелова Гүлхат «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша марапатталды.