CaspianLife, 12 желтоқсан — Индерде мамандар вейп, ерте жүктілік, суицидтің алдын алу тақырыбында кәмелетке толмағандармен кездесу өткізді. Акушер-гинеколог Оңай Арыстанова ерте жүктілік, оның зардабы, ал психиатр-нарколог Мұрат Орақов электронды темекі тартудың зияндылығы туралы сөз етті.
«Мектеп жасындағы жүктілікті айтып жатырғанымыз бірінші рет емес. Осы тақырып5-6 жылдан бері айтылып жүрген өзекті мәселе болатын. Себебі жасөспірімдер арасындағы жүктілік азайып келе жатырған жоқ. Өткен 20 жылы мектеп жасындағы жүктіліктің 4 жағдайы болатын болса, 21 жылы 8 жағдай тіркелді. Биылғы жылдың 11 айы ішінде 3 жасөспірім қосылып отыр. Және 17-18 жастағылар емес көбіне 14-16 жастағы қыздар», — деді акушер-гинеколог Оңай Арыстанова.
Индер ауданындағы 30 мыңға жуық халықтың 1300-ден астамы жасөспірім. Олардың 22-сі аудандық полция бөлімінің есебінде тұр.