CaspianLife, 22 қараша — Мақат ауданы Доссор кентінде робототехника орталығы ашылды. Бұл жобаны жергілікті кәсіпкер әйел «Жарқыра» бағдарламасы аясында жүзеге асырған.
Енді 5 пен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер бағдарламалау негіздері, механика және инженерия курстарына катыса алады.
«Бұл курс тек робототехниканың ашылуы емес. Бүгін ауылымыздағы көптеген балаларға үлкен мүмкіндіктің ашылуы деп білеміз. Қазіргі таңда ашылғанымызға тек 1 апта болсада, бүгінгі таңда біз 40 баланы қамтып отырмыз. Және 6 жұмыскерді жұмыспен қамтып отырмыз», — деді Робототехника орталығы жобасының авторы Фариза Сәнжанова.
Орталықтың бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үш бағытқа бөлінеді. «Шағын робоклуб» курсына 5 жастан 9 жасқа дейінгі, ал 10 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер үшін «Бағдарламалау», «Жетілдірілген құрастыру және бағдарламалау» курстарына қатысады. «Жарқыра» жобасына «Теңізшевройл» компаниясы қаржылай қолдау көрсетіп отыр.
«2022 жыл Қазақстанда балалар жылы болып жарияланды. ТШО балалардың әлеуетін дамытуға бағытталған жобаларды қуана қолдайды. Осы жылдың өзінде ОАЕҚ-мен бірлесе отырып, біз балаларды дамыту үшін 8 орталық аштық, ал Qogamdyk Kenistikter жобасы аясында Атырау мен Жылыой ауданында 20-дан астам ойын, 19 спорт алаңы салынды. Нәтижесінде 2022 жылы ТШО әлеуметтік жобаларды іске асыруға 2,3 млн АҚШ долларын бөлді», — дейді «Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімі бас менеджерінің орынбасары Хэймиш Полс.
Орталықтағы курстарға қатысу ақылы. Алайда жоба авторлары оның әлеуметтік бағытын ескере отырып, көп балалы отбасылар үшін білім алуға 20%, ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 50% жеңілдік жасайды. Жағдайы қиын отбасылардан шыққан балалардың тегін қатысуына мүмкіндік бар.