CaspianLife, 21 қараша — Елімізде сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың 69,44 пайызы дауыс берген. Яғни, 12 млн-ға жуық қазақстандықтың 8 млн 300 мыңнан астамы өз таңдауын жасаған.
Мұны орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша сайлауға қатысқан халықтың 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаса, Қарақат Әбденге – 206 206 адам, яғни 2,6 % сенім білдірген, ал Нұрлан Әуесбаевқа – 176 116, 2,22 %, Жигули Дайрабаевқа – 271 641 адам, 3,42 % дауыс берсе, Мейрам Қажыкенге – 200 907 адам, 2,53%, Салтанат Тұрсынбековаға – 168 731 адам яғни 2,12%, ал «бәріне қарсымын» нұсқасына 460 484 адам, 5,8% дауыс берген. Атырау облысында дауыс беруге сайлаушылардың 70,87 пайызы қатысқан. Кезектен тыс президент сайлауының қорытындысы орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылмақ.