CaspianLife, 20 қараша — Самал вахталық кентінде және D аралында «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында, сондай-ақ компанияның теңіздегі кешенінде жұмыс істейтін қызметкерлер дауыс беруде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
NCOC-тың 726 қызметкері жұмыс уақыты екеніне қарамастан дауыс берулеріне мүмкіндік бар. Бұл бірдей дауыс беру мүмкіндігі бар мердігер компаниялардың жұмысшыларын есепке алмағандағы көрсеткіш. Ал ондағы жұмысшылардың саны 2067 адам. Ауысымдағы қызметкерлер жұмыс кестесін желілік басшысымен келісе отырып, дауыс бере алады. Дауыс беру кесте бойынша өтіп жатқандықтан, өндіріске кедергі емес.
Қашаған кентіндегі жұмысшылар дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Көшпелі сайлау комиссиясы арнайы жәшік пен бюллетеньдерді қызметкерлердің жұмыс орнынf дейін апарып берді. 3 сайлауы учаскесі құрлықта болса, 1-еуі теңіз кенішінде орналасқан. Ауа райының қолайсыз болғандықтан жәшік пен бюллетеньдер теңіз кенішіне әуе кемелері арқылы жеткізілді.