CaspianLife, 18 қараша — Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қала халқына қолжетімді бағада ұсыну мақсатында 2022 жылдың 19 және 20 қараша күндері сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен ЖӘРМЕҢКЕ ұйымдастырылатынын хабарлайды.