CaspianLife, 18 қараша — Атырауда Мақат ауданы Доссор кентінде 6 пәтерлік тұрғын үйден өрт шықты.
Мақаттық полицейлер тұрғындарды эвакуациялап, өрт сөндірушілермен бірге тілсіз жауды сөндіруге көмектесті. Бүгін таңғы сағат 07:00 шамасында 102 операторына тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсткен. 6 пәтерлік тұрғын үйдің төртеуі отқа оранған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полицейлер жедел қызмет атқарды.
«Өрттің неден шыққаны нақты айтылмады. Бастысы зардап шеккен азаматтар жоқ. Өрт өршіп кетпеу үшін барымызша өрт сөндірушілерге де көмектесіп, зардап шекпеу үшін оқиға орнына ешкімді өткізбей қызмет етудеміз. Барлығы 8 адам эвакуацияланды, оның 5-і жасөспірім», — деді Мақат аудандық полиция бөлімінің Доссор полиция бөлімшесінің бастығы Дәурен Магзомов пен патрульдік полиция қызметінің инспекторы Жантілек Елғондиев.