CaspianLife, 17 қараша — Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен «Динислам» ЖШС-нің бұрынғы басшысы аз. Б. есімді азаматқа қатысты әдейі банкроттық дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталып, айыптау актісімен сотқа жолданды.
Б. 2018-2021 жылдар аралығында серіктестікті төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу мақсатында, кәсіпорынның балансындағы автокөлік құралын және мүліктік масса болып табылатын есеп шоттағы қаражаттарды иеліктен шығарып, 49 млн.теңге салық төлемі түріндегі кредиторлық берешегін төлеместен, әдейі банкроттыққа ұшыратқан.
Сот үкімімен серіктестік басшысы ҚР ҚК-нің 238-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша кәсіптік мекемелерінде басшысы қызметімен айналысу құқығынан 1 жылға айыра отырып 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.