CaspianLife, 11 қараша — Атырауда 2 күнде 45 шетелдік азамат әкімшілік құқық бұзған. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Тәртіп сақшылары 9-11 қараша аралығында “Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның барысында 954 астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Олардың ішінде:
-Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін — 31 тұлға,
-Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы үшін — 7 тұлға,
-Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз — 60,
-Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру үшін — 107 тұлға,
-Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы үшін — 45 тұлға,
-Қоғамдық орындарда айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін — 133 тұлға;
-қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе алкогольдік масаю күйде жүрген — 95 тұлға;
-түнгі тыныштықты бұзған — 36 тұлға;
-Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру — 192,
-жолдың қарсы бағытына шыққан — 2 жүргізуші;
-жаяу жүргіншілерге жол бермеген — 28 жүргізуші;
-алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік құралын басқарған — 8 жүргізуші;
-жүргізуші құқығынан айырыла отырып көлік құралын басқарған — 4 жүргізуші;
-жаяу жүргінші өткелін көре тұра жолды тыс жерде өткен — 160 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырмақ.