CaspianLife, 7 қазан — Атырауда танымал суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Камила Жаполованың шығармашылық кеш өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сырғамның сыңғыры» атты кеште шаһар басшысы Мейірім Қалауи, зиялы қауым өкілдері және қылқалам шеберлері қатысты.
«Өз кезегінде шаһар басшысы Камила Әбенқызының ұлттық мәдениет пен сурет өнерінің дамытудағы үлесі зор екенін атап өтіп, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді», — делінген әкімдіктің инстаграм парақшасында.
Кешке Камила Жапалованың 70-ке жуық кескіндемесі мен батик үлгісіндегі суреттері қойылды. Оның туындылары жинақталған «Сырғамның сыңғыры» атты каталогтың тұсауын кесу Алматыдан келген «ҚР Суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Жұбаниязовқа тапсырылды.
Сондай-ақ, жиналған көрерменге «BATIKKAMI» брендінен авторлық сән үлгілерінен сән көрсетілімі ұсынылды.