CaspianLife, 4 қараша — Алматылық полицейлер ресейлік блогерге қатысты бірнеше хаттама толтырды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Анық болғандай, Ресей Федерациясының азаматы жол белгі талаптарын сақтамай, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Сондай-ақ, көлік басқару кезінде телефон қолданыпты.
Аталған заңбұзушылықтарға байланысты 21 жастағы азаматқа байланысты хаттамалар толтырылды.