CaspianLife, 2 қараша — Иран билігі Кум қаласындағы Джамкаран мешітінің күмбезіне қызыл жалау тікті. Shia News басылымы бұны кек алудың белгісі екенін айтады.
«Бұл жалау өткен сәрсенбіде қайтыс болған 15 шейітті еске алу үшін көтерілді», — деп жазады басылым. Shia News олардың қазан айының соңында Шах Чара кесенесінде болған террактіден қаза тапқандарын мәлімдеді.
Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың барлау қызметтері Иранның жақын арада шабуыл жасайтынын ескертіп, әскери күштердің дайындығын күшейтті. Бұған дейін Иран АҚШ, Ұлыбритания, Израиль және Сауд Арабиясын елде наразылық ұйымдастырды деп айыптаған еді.
Иранда Қызыл Ту соңғы рет 2020 жылдың қаңтарында «Аль-Кудс» арнайы күштерінің қолбасшысы Қасым Сүлеймани өлген кезде көтерілді. Бірнеше күннен кейін Иран Ирактағы АҚШ-тың екі учаскесіне соққы берді.