CaspianLife, 2 қараша — Атырауда жүк көлігі тұрғын үйдің қоршауын бұзып, ауладағы автокөлікке соқытығысқан. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 1 қараша күні сағат 16:00 шамасында болған. Қала тазалығына жауапты мекеменің Камаз автокөлігі Атырау мөлтек ауданындағы электр бағанасына, кейін тұрғын үйдің қоршауын бұзып, ауласындағы жеңіл көлікке соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ.
Кейін жүк көлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізушінің мас екені анықталды. Қазіргі таңда іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.