CaspianLife, 19 қазан — Атырауда 100-ден астам отбасы заңсыз алған атаулы көмекті толықтай, тағы 80 отбасы ішінара қайтарып берді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау қалалық әкімдігінде өткен жиында атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін жалған мәлімет беру мен кірістерін жасыру туралы сөз қозғалды.
Мәжілісте қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Оның дерегінше, бүгінгі күні жалған мәлімет беріп, атаулы көмек алып отырған 529 отбасы анықталып, оның 340-ына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қала әкімі Мейірім Қалауи олардың жағдайын егжей-тегжей зерделуге тапсырма беріп, ары қарай атаулы әлуеметтік көмекті қайтаруы немесе қайтрамауы заңға сәйкеса қаралатынын айтты.
Бұдан бөлек, жиында әлеуметтік желіде көтерілген қарт ананың жағдайы да қозғалды. Өз кезегінде қала әкімі қарияның әлеуметтік жағдайын жіті тексеріп, бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды.
«Айта кетейік, І топ мүгедегі Ахметова Күләш апайға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілуде. Ересек ұлы мен қызы бар. І топ мүгедегі ретінде 1982 жылы туған ұлы Миралиев Ануарбектің бағымында. Қазіргі таңда арнайы күтіп баққаны үшін жәрдемақысы мен басқада тиісті көмектер көрсетіліп отыр», — делінген әкімдіктің инстаграм парақшасында.