CaspianLife, 17 қазан — Атырауда Республика күніне орай «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді.
Жалпықалалық жәрмеңкеге ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер де шақыртылады. Шара 21 қазан күні 10:00–13:00 аралығында «APEC» базасында өтеді.
«Жұмыс іздеуші азаматтар өзімен бірге түйіндемелерінің бірнеше данасын ала келуі шарт», — деді, Азамат Мәмбетов
Мекен жайы: Нұрсая шағын ауданы, Ел Орда көшесі, 24.
Қосымша сұрақтар үшін 87122 35 41 59 нөміріне хабарласуға болады.