CaspianLife, 11 қазан — Енді атаулы әлеуметтік көмек немесе жұмыссыздық туралы анықтаманы Halyk мобильды қосымшасынан алуға болады. Бұл туралы Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді.
Бүгіненнен бастап жұмыссыз ретінде тіркелген және атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған тұлғалар Halyk Homebank арқылы анықтама ала алады.
«Бұл қосымша әлеуметтік қолдаудың кейбір шараларын тез және оңай алуға көмектеседі. Ақпаратты бірнеше минут ішінде алуға болады. Осылайша мекемелерге аяқтай жүріп қағаз тасу толығымен алынып тасталады», — деді Азамат Мәмбетов.
Анықтаманы алу үшін Halyk Homebank қосымшасының «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіп, «Ақпаратты» таңдап, қажетті қызметті белгілеу қажет. Ары қарай, алынған деректі дереу бөлісуге болады.