CaspianLife, 10 қазан — Атырауда жыл басынан бері 279 науқас тері ауруына шалдыққан деп мәлімдеді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Жайнагүл Утепкалиева мәлімдеді.
Оның ішінде қышыма 57, дерматомикоз 222. Ауру 14 жасқа дейінгі балалар арасында көп орын алып отыр. Дәлірек айтсақ, 196 жағдай немесе 70 %-ды құрайды. Оның ішінде қышыма 39 болса, дерматомикоз 157. Өткен жылы осы уақытта 301 жағдай тіркелсе, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 213. Салыстырмалы түрде қарасақ, биыл ауру саны азайған.
«Жеке гигиена ережелерін сақтап, жиі жуыну немесе әрбір 5-7 күн аралығында монша қабылдау қажет. Іш киімдерді және төсек жаймаларын жиі ауыстырып, оларды жуып, үтіктеп отырған дұрыс. Әр адамның жеке сүлгісі және басқа да тұтыну заттары болғаны жөн. Жан-жануарлармен қарым-қатынаста болғаннан соң қолды мұқият сабындап жуу керек. Қышыма, басқа да тері ауруына сәл күдіктенгенде дереу тұрғылықты жердің дәрігеріне көрінуіге кеңес беремін», — деді Жайнагүл Утепкалиева.