CaspianLife, 5 қазан — Атырауда қала күніне орай жасөспірімдер арасында спорттық эстафета өтті. 12-13 жастағы балалар 5 топқа бөлініп, эстафета таяқшасын жалғастыру, жүгіру, доп қуу секілді командалық сайыстарға қатысты.
Жаттықтырушылардың сөзінше, мұндай көңілді ойындар әр ай сайын өткізіліп тұрады. Себебі спорттық іс-шаралар арқылы балалар салауатты өмір салтына бейімделіп, командамен жұмыс жасап үйренеді.
«Басында қалай болар екен деп қатты уайымдағаным рас. Жеңіліп қалған соң «бұл да бір тәжірибе, ештеңе етпейді» дедім өз-өзіме. Ең бастысы футбол ойнаған қатты ұнайды», — дейді эстфетаға қатысушылардың бірі Алтынбек Сұлтангереев.