CaspianLife, 4 қазан — Атыраудағы коммерциялық ұйым басшысы салық төлемегені үшін сотталды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Облыстық прокуратура мемлекеттік кірістер органы және кәсіпкерлермен талдау жүргізіп, нәтижесінде «БатысТехноСервисез» ЖШС-нің бұрынғы директоры, коммерциялық ұйымның жалғыз басшысы бола тұра, 2018-2019 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды пайдаланып, 263,7 млн теңге сомасына салық төлеуден жалтарғаны анықталды.
Сот үкімімен аталған азамат 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл және 4 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Осыған байланысты, Серіктестік директорына қатысты Қылмыстық Кодекстің 245-бабының 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару фактісі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Мемлекеттік қазынаны толықтыруды қамтамасыз ету қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып табылады», — делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.