CaspianLife, 29 қыркүйек — Құлсарылық кәсіпкер Нұргүл Дәулетова топырақсыз шөп өсіреді. Гидропоника әдісімен мал азығын дайнындауды Нұргүл Дәулетова Алматыдан онлайн курсынан үйренген.
Кәсіпкер көкөністер мен малға арналған шөпті қоректік заттардың судағы ерітіндісі арқылы өсіріп, алғашында өз жылқысын азықтандырып бастапты. Кейін өсірген шөптерін сатылымға шығарды.
«Сұраныс та күн санап артып келеді. Көпшілік біле бермейтін, білсе де қолданбайтын бұл әдісті жүзеге асыру тіптен қарапайым әрі қызық. Базардан сатып алынған бидай немесе арпаның дәні алдымен жуылып, тазаланады. Одан сон арнайы поддондарға салынып, үш мезгіл суы құйылып, баппен өсіріледі. Сөйтіп ыдысқа салынған дәнді-дақыл бар жоғы бір аптаның ішінде көк шөпке айналады. Жасанды жолмен өсіп шыққан шөптің биікті 20 см-ге дейін жетеді», — дейде Нұргүл Дәулетова.
Кәсіпкер «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының айтарлықтай көмегі тигенін айтады.