CaspianLife, 27 қыркүйек — Атырауда 3 тәулікте түнгі уақытта далада жүрген 130-дан астам жасөспірім анықталды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары жүргізген рейд барысында 135 жасөспірім Ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның 2-еуі бейімдеу орталығына орналастырылса, қалғаны ата-аналарына тапсырылды. Кәмелет жасқа толмағандардың ата-аналарына хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілік тартылды. Сондай-ақ, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.