CaspianLife, 19 қыркүйек — Әлеуметтік желіде итке таланған ер адамның видеосы таралды. Видео авторы оқиғаның Балауса ықшам ауданында болғанын және қапқан иттің алабай тұқымдасы екенін айтады.
Полиция департаменті иттің иесі зардап шеккен азаматтың үйіне жақын жерде тұратынын анықтады. Оған үй жануарын көшеге жіберу ережесін бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің дерегінше, зардап шеккен 43 жастағы ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы тұрақты дейді мамандар.