CaspianLife, 13 қыркүйек — Атыраулық спортшылар каратэ шотоканнан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталмыш дода 9-11 қыркүйек аралығында Чехияның Пардубице қаласында өтті. Жарысқа 32 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысты. Ал, еліміздің намысын қорғауға 30 каратэші аттанды.
Атыраудан барған 7 спортшы ел қоржынына 7 медаль салды. Атап айтсақ, 8 келі салмақ дәрежесінде Алина Сұлтанова, 60 келіде Нұрбек Кенжебай, 61 келі салмақта Файзолла Батырғали, 70 келіде Дамир Нұрбек чемпион атанды. Ал 52 келі салмақ дәрежесінде Ілиясин Ғизатолла күміс жүлдеге ие болса, 54 келі салмақ дәрежесінде Гүлайым Қайрат, 68 келіде Бекнұр Мұратов қола медальды місе тұтты.