CaspianLife, 9 қыркүйек — Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова бүгінгі сот отырысында сөйлеген сөзінде өзіне жала жабылып отырғанын айтты.
Оған сенсек, Абай ескерткішінің орнатылуына, қаржылық жағына ешқандай қатысы жоқ. Ал, облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев әкелген ақшаның пара екенін білмеген көрінеді.
Хаменованың айтуынша, «Алтын Орда» конференциясын өткізуге қаражат жетпегендіктен, ол демеушілердің және қарызға алынған қаражатқа ұйымдастырылған. Сондықтан, Ақылбек Рысқалиев әкелген ақшаны «демеушілердің қаражаты» деп түсінген.