CaspianLife, 1 қыркүйек — Қазақстанда жемқорлардан алынған ақшаға мектеп салынады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында осындай тапсырма берді.
«Жемқорлардан сот арқылы өндірілген ақша мектептердің құрылысына жұмсалады. Үкімет осыны бекіту туралы заң қабылдауы тиіс», — деді президент.
Сондай-ақ, Тоқаев білім беру гранттарын бөлуде жаңа тәсіл енгізуді ұсынды. Енді оқу ақысына 30%-дан 100%-ға дейінгі жеңілдік ҰБТ нәтижесі бойынша беріледі. Одан бөлек, оқуға жылдық 2-3% жеңілдікпен несие берілетін болады.