CaspianLife, 25 тамыз — Теңіз кен орнында мерт болған жұмысшының жанұясына көмек беріледі. Бұл туралы Infra Del Projects мердігер компаниясының қызметкері хабарлады.
«Қызметкердің отбасымен тығыз байланыстамыз. Кеше түнде марқұмның денесі туған-туысқандарына жеткізілді. Біз аталған қызметкердің отбасысына өтемақы төлеуге дайынбыз. Сондай-ақ, компания қаза тапқан қызметкердің жерлеу рәсімін өткізеді», — деді компания өкілі.
Қазіргі таңда, аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.