CaspianLife, 24 тамыз — Атырау қаласында қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді. Бұл туралы «Смарт Атырау» КММ өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.
«Құрметті Атырау қаласы тұрғындары және қала қонақтары!2022 жылдың 23 тамызынан бастап қала және қала маңы қоғамдық көліктері атап айтқанда №4, №21, №22, №30а, №50, №51, №53, №56, №57, №58, №58а, №65 бағыттары өзгергенін хабарлаймыз!», — делінген мекеме хабарламасында.
Алайда, автобустардың жүру бағыттарының өзгерісі атыраулықтардың наразылығын туғызды. Мәселен, Нұрсая ықшам ауданының тұрғындары №4 автобустың «Тұлпар» аялдамасына дейін бармайтынына ашулы. Әлеуметтік нысандардың көптігіне қарамастан аталмыш ықшам ауданға тек 3 қоғамдық көлік қатынайды.
Ал, Балықшы мен Қызыл Балық селосын жалғайтын №57 автобус енді «Дина» базарына тоқтамайды. №30А қоғамдық көлігі тек Балықшы ықшам ауданына барып тоқтайтын болады. Демек, Нұрсаядан Тұрғындар қалашығына бару үшін екі автобусқа міну керек.
Басқа да өзгерістерді төмендегі суреттерден қарай аласыздар!