CaspianLife, 19 тамыз — Атырауда кеңсе тауарлары 31%-ға қымбаттады. Оған қағаз бен пластик, темір бғасының көтерілуі әсер етті.
Одан бөлек тасымал шығыны мен алыпсатарлардың үлесі бар. Елімізде күнделік, ақ қағаз бен түрлі-түсті қағаз аз көлемде шығарылады. Алайда отандық кеңсе тауарларының бағасы сырттан келетін тауарлардан арзан емес.
Былтыр 35 теңгеден сатылған 12 беттік дәптердің құны қазір — 40 теңге. Ал сурет салуға арналған альбомның бағасы 300 теңгеден басталады. Бағалар оның бет саны мен сыртқы келбетіне қарай құбыла береді. Сатушылардың айтуынша, жаңа оқу жылында мектепке керекті заттардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 50-60 ға дейін қымбаттаған.
Сөрелердегі ең арзан қаламның құны 50 теңге дейді сатушылар. 300 теңгеге тек сапасы нашар күнделік таба аласыз. Ал 24 беттік дәптерлер 150 теңгеден басталса, көпбетті арнайы пәндік дәптерлері бар жиынтықтың бағасы 2500 теңгеге жеткен.