CaspianLife, 19 тамыз — 13 тамыз күні атыраулық полицейлер Қараөзек ауылының 34 жастағы тұрғынынан бекіре тұқымдас балықтарының 3 кг 124 гр уылдырығы тәркіледі. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүруде.