CaspianLife, 18 тамыз — Атырау облысында тұрғындарды 40 млн теңгеге алдаған алаяқ қолға түсті деп хабарлайды Polisia.kz.
Сан соғып қалған атыраулықтар полицияға шағымданған. Күдіктінің 35 жастағы Қарағанды қаласының тумасы екені анықталды. Ол екінші дәрежелі банктер арқылы тауарлық несиелер алып беремін деп адамдардың сеніміне кіріп, қаражатты қалтасына басып отырған.
Күдіктінің бұдан өзге Атырау облысының 40 тұрғынын алдап, 40 млн теңгеге жуық залал келтіргені анықталды. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.
Қазіргі таңда алаяқ Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.