CaspianLife, 18 тамыз — «Агро Строй Индер» ЖШС уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшерден 5%-дан астам тарифтік сметаның шығын баптарын орындамаған. Сәйкесінше серіктестікке айыппұл салынды деп хабарлайды Атырау облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің баспасөз қызметі.
«Талдау қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, 2022 жылдың 1 қазаны және 2023 жылдың 30 қыркүйек аралығында қолданысқа енгізе отырып «Агро Строй Индер» ЖШС-ның Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылына 178,47 — теңге/м3 ҚҚС-сыз және Бөдене ауылына – 253,03 теңге/м3 ҚҚС-сыз суды таратушы желілері арқылы беру реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша өтемдік тарифі мөлшерінде бекітілді (бұрын қолданыстағы тариф Өрлік ауылына 241,16 — теңге/м3 ҚҚС-сыз мөлшерінде болған, тариф 26% төмендетілді және Бөдене ауылына – 308,58 теңге/м3 ҚҚС-сыз мөлшерінде болған, тариф 18% төмендетілді)», — делінген хабарламада.
«Агро Строй Индер» ЖШС тұтынушыларға 11 686 904 теңге қаражатты қайтаруы керек. Сондай-ақ, 1 715 280 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Субъект көрсетілген соманың жартысын бір апта ішінде төледі.