CaspianLife, 5 тамыз – Атырауда Береке ауылындағы 5-нші су тазалау стансасы қайта жаңғытудан өткеннен кейін қаладағы су мәселесі толықтай шешіледі дейді Мейірім Қалауи.
Шаһар басшысы жергілікті телеарнаға берген сұхбатында қаладағы су беру мәселесін сөз етті. Ол суды тазалау мен пайдалануда жетіспеушілік бар екенін айтады.
Қала су беру жазда 120 мың текше метр болса, қыста 80 мың текше метрге дейін төмендеп кетеді. Осы мәселені шешу үшін Береке ауылында орналасқан 5-нші су тазалау стансасын қайта жаңғыртудан өткізбек. Бұл жұмыспен «БатысАльянсСтрой» ЖШС айналысатын болады. Қала әкімі алғашқы қаражаттың бөлінгенін айтады. Келер жылы су тазалау стансасы қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Бұл мекеме қалаға қосымша 50 мың текше метр су беретін болады.
Сондай-ақ, Мейірім Қалауи Еркін қала және Балауса елді мекендеріндегі су жетіспеушілігі бар екенін айтты. Оған себеп аталған елді мекендерге бағытталған су құбырлар сыйымдылығының кішкентай болуы. Сондықтан, алдағы уақытта оларды үлкейту жұмыстарын да қарастырудамыз дейді әкім.