CaspianLife, 28 шілде – Атырау облысында жарты жылда экологиялық заңнама талаптары 131 рет бұзылған. Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының м.а. Сырым Тілегенов мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау бойынша 57 тексеру жүргізді. Оның ішінде: 17 профилактикалық бақылау, 25 жоспардан тыс тексеру және 15 бақылаудың басқа нысаны.
Тексеріс нәтижесінде экология департаменті 190 млн теңгеге жуық 79 әкімшілік айыппұл салды. 80 млн теңгеге жуық сомада 63 айыппұл ерікті түрде өндіріліп алынды.
Сондай-ақ, Экология департаменті тәртіп сақшыларымен бірігіп автокөліктерге де рейдтік шара жүргізген. Нәтижесінде 13 автокөліктің пайдаланылған газ сынамалары алынды. 9 автокөлік шекті рұқсат етілген концентрация нормативтен асқан. Автокөлік иелеріне полиция инспекторларымен ескерту түрінде әкімшілік шаралар қабылданды.