CaspianLife, 27 шілде – Атырауда ер адам «Камаздың» астына түспек болып ұмтылған. Бұл туралы «103» пультіне қоңырау түсті деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
25 шілде күні сағат кешкі 19:00 шамасында 34 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болып, ас үй пышағымен мойынын кесіп, жарақаттаған. Кейін «Камаз» көлігінің астына секіріпті.
Ер адам пателланың жабық сынуы, оң жақ жамбас сүйегінің сыртқы кондиласының шеткі сынуы диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Тексеру кезінде есі дұрыс екені анықталды. Қазір дәрігерлердің бақылауында.