CaspianLife, 18 шілде — Атырауда тасжолда жол апатынан бір адам қаза тапты деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
17 шілде күні сағат 14:09 шамасында Мақат ауданы Бәйгетөбі ауылына баратын тасжолдың бұрылысында «Lada Priora» көлігі аударылып қалды. Көлік апатынан 48 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір 48 жастағы жолаушы дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.