CaspianLife, 9 шілде — Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон» теннис турнирінің жеңімпазы атанды.
Отандасымыз ақтық мәреде әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Сонымен ол халықаралық теннистен Қазақстан тарихындағы алғашқы чемпион атанды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігінің, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өтті. Президент көрнекті спортшыны Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.