CaspianLife, 22 маусым — Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Бозжырада қонақүй салу мәселесін қоғаммен, инвесторлармен және экологтармен бірігіп талқылау қажет деп мәлімдеді.
«Бозжыра трактіне келетін болсақ, әзірге жоспар жоқ. Қазір жай ғана жабайы туризм бар, бақылаусыз. Елестетіп көріңізші, егер Медеу болмаса, адамдар жүрер ме еді? Барды. Жасанды мұз айдындарында жүріңіз. Бірақ ешқандай тазалық пен күтім туралы сөз болған жоқ. Бозжыра алқабында қазір шамамен осындай жағдай», — дейді министр.
Бұл ретте қонақ үйді табиғи нысанннан тыс жерде және барлық экологиялыфқ талаптарды сақтай отырып салу қажеттігін алға тартты.
«Сонда өркениетті туризмге адамдар келеді. Бізге көп нәрсені дамытуға мүмкіндік береді – жұрт камераларымен келіп, суретке түседі. Туристерді ғана емес, киножобаларды да айтамын. Көптеген нәрселерді осы бағытта дұрыс жылжытуға болады. Қонақ үй салу мәселесін инвесторлар, жұртшылық, экологтар арасында талқылап, алтын ортаны табуымыз керек», — деді Абаев.