CaspianLife, 21 маусым — Индер ауданындағы орталық көпір маңында 13 жастағы жасөспірім суға кетті. Оқиға 19 маусым күні түскі сағат 12:00 шамасында болды.
Көршілес Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2009 жылы туған бала әкесімен бірге Орал қаласынан шығып, туған жеріне бет алған. Жолай Индербор кенті маңында Жайық өзеніне суға түседі. Бірақ арты қайғылы аяқталып отыр. Қазіргі кезде құтқарушылар бала суға түскен жерге қазан жіберіп, іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Индер аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандарының айтуынша биылдыққа мұндай оқиға бірінші рет тіркеліп отыр.