CaspianLife, 20 маусым — “МАЭК-Казатомөнеркәсіп” ЖШС маңғыстаулықтарға мамыр айында жылумен жабдықтау кезіндегі тарифтің қате есептелуіне байланысты артық төленген ақшанын қалай қайтарылатынын хабарлады.
Кәсіпорын төлемді қайта есептеп, барлық түбіртектерді қайта шығаратын болады.
«Егер де, жылумен, сумен жабдықтауға төлем жүргізілген болса, ағымдағы жылдың маусым айын есептеу кезінде аударылған қаражат есепке алынады», — делінген хабарламады.
Айта кетелік, бұған дейін «МАЭК-Казатомпром» кәсіпорнына ыстық сумен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифіне заңға сәйкес келмейтін шығындарды қосқаны үшін тұтынушыларға 70 млн теңгені қайтарып беруге міндеттеп, одан бөлек 2,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.