CaspianLife, 24 мамыр — Жедел жәрдем бригадасын шақыру үшін Telegram қосымшасын жүктеу арқылы боттың сілтемесі бойынша өту қажет, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мұнда «Жедел жәрдем шақыру» батырмасын басу арқылы пайдаланушы нұсқаулыққа сәйкес жарақатты немесе науқастың жағдайын сипаттайды. Сондай-ақ науқастың мекенжайын барынша нақты көрсетуі тиіс.
Telegram-боты арқылы берілген өтінім Жедел жәрдем станциясының бірыңғай колл-орталығына түседі. Алдымен диспетчер қоңыраудың шұғылдығын анықтайды. Содан кейін төрт санатқа байланысты әрекет етеді.
Өтінімді жұмысқа қабылданғанын өзіңіз тексере аласыз. Ол үшін «Жүгіну, күйін тексеру» батырмасын басу қажет. Ал «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде сіз ауру белгілері және емдеуге байланысты ақпаратты таба аласыз.