CaspianLife, 24 мамыр — Атырау облысында 1 айдың ішінде қырылып қалған 75 жылқының неден өлгені белгілі болды. Жылқылар делафондиоз, гастрофилез және параскаридоз инфекцияларын жұқтырған. Жалпы бас аяғы 211 бас ауырып, оның 136 -сына симптоматикалық емдеу шаралары жүргізілген.
Мамандар шаруаларға аталған аурулардың алдын алу үшін кеңес берген. Бірақ, алдын алу жұмыстарына кететін шығынды мал иелері өздері көтеруге тиіс екен.
«Аталған аурулар паразитарлық аурулар. Вакцинация жұмыстары шаруалардың есебінен жүргізіледі. Аурудың алдын алу, күресу жолдары толықтай түсіндірілді», — дейді Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұркен Бояров.