CaspianLife, 24 мамыр — Атырауда 10 азамат VIP нөмірлерді сатып алу үшін жалған түбіртек пайдаланған. Олар мемлекетке 5 миллион теңгеден астам залал келтірген. Мұны Атырау қалалық прокуратурасы анықтады.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Яғни, азаматтардың үстінен алаяқтық және жалған құжаттар жасау фактісі бойынша іс қозғалды. Егер 10 азамат мемлекетке келтірген шығынды толықтай өтейтін болса, нөмірлерді өздеріне қалдыруға құқылы. Бірақ, жауапкершіліктен құтыла алмайды.
«Тексерудің нәтижесінде, 10 жоғары сұранысқа ие номерді сатып алу кезінде жалған түбіртектер пайдаланылғаны анықталдын. Бұл нөмірлердің тағдыры қылмыстық істің нәтижесінде белгілі болады. Бұл фактілер қалалық прокуратурамен талдау нәтижесімен осы мамыр аяғында анықталды», — деді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.